- Барлық ақпарат
Алғашқы 8 айда Қорғас порты арқылы автокөлік экспорты 33,3%-ға өсті
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 23 қыркүйек

23 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қорғас кеденінің деректеріне сәйкес, биылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қорғас порты арқылы 344 000 көлік экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,3%-ға артты. Дәстүрлі жанармаймен жүретін көліктерден сырт, жаңа энергетикалық жеңіл және коммерциялық көліктердің экспорттағы үлесі де айтарлықтай өсті.
Географиялық орналасуы мен логистикалық байланыс мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, коммерциялық көліктерді экспорттау бойынша елдегі ең ірі құрлықтық торап саналатын Қорғас портында автокөлік экспорты қарқынды дамуда. Бұл өз кезегінде Шыңжаңның сыртқы саудасының сапасы мен тиімділігін арттырудың маңызды қозғаушы күшіне айналды.


(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



