- Барлық ақпарат
Хубэй мен Орталық Азия арасында қатынаған жүк пойызы 300-ден асты

23 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Уханьнан Қазақстанға Хубэйде өндірілген машиналар мен жабдықтар тиелген жүк пойызы жолға шықты. Сөйтіп, Hubei Railway Group компаниясы жолға салған Орталық Азия бағытындағы жүк пойыздарының саны 300-ден асты.
2024 жылдың маусым айында іске қосылған Хубэй-Орталық Азия жүк пойызы бағыты қазіргі таңда тұрақты жұмыс істеуде. Онда «Янцзы өзені арқылы тасымалдау + Орталық Азия жүк пойызы» атты интермодальды тасымалдау үлгісі қолданылады. Бұл жүктерді портта тікелей тиеуге және теміржол арқылы тікелей жөнелтуге мүмкіндік береді де, тасымалдау уақытын едәуір қысқартып, кәсіпорындардың логистикалық шығындарын азайтады.
Қазіргі уақытта бұл қызмет көрсету желісі Еуразия құрлығындағы 9 елдің 51 қаласын қамтиды.
people.cn © People's Daily Online



