Берлинде Қытайдың тұлғаланған жасанды интеллект (embodied AI) технологиясы енгізілген алғашқы цифрлық метро пойызы таныстырылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 24 қыркүйек

24 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 22 қыркүйек күні 15-інші кезекті Берлин халқаралық рельсті көлік технологиясы сауда көрмесі (InnoTrans) шымылдығын ашты. Онда Қытайдың CRRC компаниясы жасыл және зерделі технологияларды біріктірген цифрлық метро пойызын көпшілік назарына ұсынды.

«VELLINK» қалалық рельсті көлік платформасы негізінде жасалған бұл пойыз автономды қабылдау жүйесін қалыптастыратын көпкөзді сенсорлар кешенімен жабдықталған. Бұл жүйе рельс жолының жағдайын нақты уақыт режимінде анықтауға, ауытқуларды байқауға және ақаулар туралы алдын ала ескертуге мүмкіндік береді.

CRRC компаниясының мәліметінше, жеңілдетілген материалдарды пайдалану және көптеген жүйені біріктіру арқылы бұл модель дәстүрлі қалалық рельсті көліктермен салыстырғанда салмағын шамамен 18%-ға, ал жалпы энергия тұтынуын 10%-дан астам мөлшерге қысқартқан. Бұл пойыздың таныстырылуы — Қытайдың қалалық рельсті көлік жабдықтары саласындағы маңызды жаңа технологиялық серпілісі.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото