Дүниежүзілік шеберлік жарысында Қытай делегациясы медальдар кестесінде көш бастады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 28 қыркүйек

28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 48-інші кезекті дүниежүзілік шеберлік жарысы (WorldSkills) 27 қыркүйек күні кешке Шанхайда шымылдығын жапты. Қытай делегациясы 41 алтын, 11 күміс, 4 қола медаль және 6 «Шеберлік белгісін» жеңіп алды. Бұл – Қытай делегациясының алтын медаль саны мен жалпы командалық есеп бойынша әлемде 5-інші рет көш бастауы, жарыс тарихындағы ел көрсеткіші бойынша жаңа рекорд.

Іс-шара 6 негізгі саланы қамтитын 64 жарыс санаты бойынша өтті. Олар: құрылыс технологиялары, өндіріс және инженерлік технологиялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, шығармашылық өнер және сән, әлеуметтік және жеке қызмет көрсету, сондай-ақ көлік және логистика. Қытай делегациясы барлық санат бойынша 71 қатысушыны додаға қосты.

Автокөлік шанағын жөндеу санатындағы қатысушы Цзяо Цзяо делегацияның «Үздік қатысушысы» деп танылды.

Қытайлық қатысушы Хэ Сяомань теміржол көлігі технологиясы бағытында барлық санат бойынша ең жоғары ұпай жинап, «Альберт Видаль» сыйлығын жеңіп алды. Бұл – қытайлық қатысушының 3-інші рет осы құрметке ие болуы.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото