Қазақстан Президенті: Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық жан-жақты даму қарқынын көрсетті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 28 қыркүйек

28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 25 қыркүйек күні өткен алғашқы Қазақстан-Қытай инвестициялық форумының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты жан-жақты стратегиялық серіктестіктің берік негізге сүйеніп құрылғанын, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жан-жақты даму үрдісін көрсетіп отырғанын мәлімдеді.

Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп, цифрландыру, «ақылды қалалар» мен спутниктік технологияларды дамыту, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы серіктестік дәйекті түрде нығайып келе жатқанын жеткізді. Ол Қазақстанның ауқымды инвестицияларды тарту және ірі жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасағанын баса айтып, Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақты алаңына айналатынына үміт білдірді.

Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Тұрақты комитетінің мүшесі әрі Сянган Қытай сауда палатасының төрағасы Цай Гуаньшэнь Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық-сауда ынтымақтастығының 3 ерекше сипатын атап өтті. Олар: құрылымның үздіксіз жетілдірілуі, инвестиция есебінен қол жеткізілген айтарлықтай өсім және өзара байланыстылықтың жеделдеуі. Ол екі тарап та тарихи мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, тағдыры ортақ Қытай мен Қазақстан қауымдастығын құруға өз үлестерін қосады деп сенім білдірді.

Қазақстан-Қытай инвестициялық форумын Қазақстанның ұлттық инвестициялық агенттігі ұйымдастырды. Шараға екі елдің бизнес өкілдері, мемлекеттік қызметкерлері және даму институттарының басшыларынан шамамен 600 адам жиналды. Форум аясында жаңа көлік-логистикалық бағыттарды дамыту, өнеркәсіптік ынтымақтастық пен терең өңдеу, сондай-ақ цифрлық экономика мен қаржы саласының кешенді дамуы сияқты тақырыптар талқыланды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото