ШЫҰ Ғылым-технология инновациялары орталығы Қытай мен Қазақстан арасындағы алғашқы «Лубань-Моцзы» колледжін құру туралы келісімге қол қоюға ықпал етті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 28 қыркүйек

28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырмасымен, Қытай мен ШЫҰ Ғылым-технология инновациялары ынтымақтастық орталығы (ШЫҰ Ғылым-технология инновациялары орталығы) Қазақстандағы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (бұрынғы Қазақ ұлттық техникалық университеті) мен Қытайдағы Шаньдун инженерлік-техникалық кәсіби университеті арасындағы келіссөздерге ұйытқы болды. Нәтижесінде тараптар Қазақстанда бірлесіп «Лубань-Моцзы» колледжін құру туралы келісімге қол қойды. Бұл – Қытай мен Қазақстан арасындағы алғашқы келсімге келген «Лубань-Моцзы» колледжі жобасы.

«Лубань-Моцзы» колледжі атауының шабыты ежелгі қытайлық шебер Лу Баньнің шеберлігінен және ойшыл Моцзының инновациялық идеяларынан алынған. «Кәсіби дағдылар мен қытай тілін оқыту» бағдарламасына негізделген бұл бастама Қазақстанның даму қажеттіліктеріне толық үйлесетін шетелде жоғары білікті мамандар тобын даярлау жүйесін қалыптастыруды көздейді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото