Цзянси өлкесі Наньчан халықаралық құрлық портынан Бішкекке Орталық Азия бағытындағы алғашқы жүк пойызы жөнелтілді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 28 қыркүйек

28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылдың 27 қыркүйегінде Орталық Азияға бағыт алған жүк пойызы Цзянси өлкесі Наньчан халықаралық құрлық портынан жолға шықты. Пойыз Қорғас порты арқылы елден шығып, Қырғызстан астанасы Бішкекке 14 күн ішінде жетеді деп күтілуде. Осы бағыттың іске қосылуымен Наньчан халықаралық құрлық портынан қатынайтын Қытай – Еуропа (Орталық Азия) бағытындағы жүк пойыздарының жалпы саны 14-ке жетті. Бұрыннан бар 12 теміржол-теңіз мультимодальды бағытымен қоса алғанда, бұл «12 теміржол-теңіз мультимодальды бағыты + 14 Қытай – Еуропа (Орталық Азия) жүк пойызы бағыты» құрылымынан тұратын жаңа сыртқы сауда логистикалық үлгісін қалыптастырып, әлемнің 134 елі мен аймағын қамтитын жүк тасымалдау желісін құрды.

Бұл жүк пойызы жалпы құны 3,4286 миллион АҚШ долларын құрайтын күн батареясы қосымшаларын, граниттен жасалған қаптама панельдерді, керамикалық ыдыс-аяқ, жарықтандыру құрылғылары, маталар мен керамикалық пигменттер сынды жеңіл өнеркәсіптің тұтыну тауарларын, жаңа энергетика саласындағы құрылыс материалдары мен тоқыма шикізатын тасымалдайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото