- Барлық ақпарат
Биылғы жылдың алғашқы 8 айында Шынжаң теміржол портындағы Қытай-Еуропа жүк пойызының саны мен тасымалданған жүк көлемі бірдей артты

28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Биылғы жылдың алғашқы 8 айында Шынжаңның Қорғас және Алашанькоу сынды екі үлкен теміржол портындағы Қытай-Еуропа (Орталық Азия) жүк пойызының қатынау саны мен жүк тасымал көлемі қатар ұлғайды. Осы кезеңде жиыны 12 473 жүк пойызы қатынап, өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 5%-ға артты. Ал жүк тасымалдау көлемі 25,1 миллион тоннаға жетіп, сәйкес уақытпен салыстырғанда 8,2%-ға өсті.
Бұл өсім шекарааралық тасымал тиімділігінің айтарлықтай жоғарылауымен байланысты. Шынжаң мен Қазақстанның теміржол мекемелері өзара сәйкестікті күшейтіп, тәулік бойы жұмыс істеуді қамтамасыз етті. Сонымен қатар, кеден ұйымдарымен тығыз ынтымақтастық орнату арқылы кеденнен өту уақыты ең қысқа болғанда жарты сағатқа жетпейтін болды.

Қазіргі уақытта Қорғас теміржол порты арқылы қатынайтын Қытай-Еуропа (Орталық Азия) жүк пойыздарының желісі 91-ге жетіп, 18 елдегі 46 қала мен аймаққа қатынайды; Алашанькоу теміржол порты арқылы өтетін Қытай-Еуропа (Орталық Азия) жүк пойыздарының желісі 129-ға жетіп, 21 елді қамтыды.
people.cn © People's Daily Online



