Шыңжаңда әлемдегі ең биік жел өлшеу мұнарасы салынды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 28 қыркүйек

28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың Шыңжаңындағы Мори қазақ автономиялық ауданында биіктігі 360 метр болатын жел өлшеу мұнарасы салынып, пайдалануға берілді. Бұл – әлемдік жел энергетикасы саласындағы ең биік құрылыс.

Мұнара қуаты 800 мегаватт болатын тәжірибелік жел электр станциясының аумағында орналасқан. Оның негізгі міндеті – әртүрлі биіктіктегі жел жылдамдығы, жел бағыты және атмосфераның тұрақтылығы сияқты көрсеткіштерді дәл бақылау. Жиналған деректер биік қабаттағы жел энергиясын зерттеуге қолдау көрсетіп, болашақта қуаттылығы жоғары және тиімдірек жел турбиналарын жобалау мен жаңа энергетикалық жүйелерді салу үшін ғылыми негіз қалайтын болады.

Мори ауданы Шыңжаңның жел және күн энергиясы ресурстарына бай аймағында орналасқан.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото