- Барлық ақпарат
Бейжіңде «Ұзақ жорық» жеңісінің 90 жылдығына арналған тақырыптық көрме ашылды

29 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 22 қыркүйек күні Бейжіңде «Ұлы Ұзақ жорық – Қытай жұмысшы-шаруа Қызыл Армиясының Ұзақ жорығындағы жеңістің 90 жылдығына арналған тақырыптық көрме» ашылды. Көрме 7 бөлімнен тұрады және онда 357 фотосурет пен сызба, сондай-ақ 1061 жәдігер мен құжат қойылған.
Осыдан 90 жыл бұрынғы «Ұзақ жорық» жеңісі Қытай Коммунистік партиясы мен Қытай революциясы ісі үшін сәтсіздіктерден жеңіске қарай қадам басқан маңызды бетбұрыс кезең болды. Бұл оқиға ҚКП-ның ұлттық тәуелсіздік пен халықты азат ету жолындағы күресіндегі жаңа ұлы жорықтың бастауына айналды және Жұңхуа ұлтының ұлы жаңғыру тарихындағы айтулы белес ретінде қалды. ҚКП мүшелері мен Қызыл Армия жауынгерлерінің өмірі мен қаны арқылы қалыптасқан «Ұзақ жорық» рухы қытай ұлтының қаны мен жанына терең сіңіп, халықты кедергілерді еңсеруге және бір жеңістен келесі жеңіске қарай алға жылжуға жігерлендіретін қуатты рухани күшке айналды.





people.cn © People's Daily Online



