Шанхайда Қытай-Қазақстан кәсіби колледждері басшыларының форумы және «Қытай-Қазақстан 100 кәсіби колледжі» альянсының ашылу рәсімі өтті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 29 қыркүйек

29 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 23 қыркүйек күні Шанхайда Қытай-Қазақстан кәсіби колледждері басшыларының форумы және «Қытай-Қазақстан 100 кәсіби колледжі» альянсының ашылу рәсімі өтті. Альянстың ресми құрылуына Қытай мен Қазақстанның 100-ге жуық кәсіби колледжінен, салалық кәсіпорындарынан және білім беру органдарынан 100-ден астам өкіл куә болды. Іс-шара барысында оқу орындары арасында 100-ден астам ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Қытай-Қазақстан 100 кәсіби колледжі» альянсы – екі елдің оқу орындары, мекемелері мен кәсіпорындары бірлесіп бастамашылық еткен, кәсіби білім беру саласындағы ашық әрі коммерциялық емес ынтымақтастық алаңы. Қытай Білім министрлігі жанындағы Халықаралық адамдар арасындағы алмасу орталығы жетекші орган қызметін атқарады, ал Шанхай Чжунцяо кәсіби-техникалық университеті, Шанхай ғылым және технология колледжі және Қазақстанның Алматы сәулет-құрылыс колледжі бірлесіп төрағалық етуші мекемелер атанды. Альянс хатшылығы Шанхай ғылым және технология колледжінде орналасқан.

Стандарттарды жетекшілік, алаңдық қолдау көрсету және өндірісті сол жерге жалпыластыру қағидаттарын басшылыққа ала отырып, альянс практикалық ынтымақтастық бастамаларын, соның ішінде оқу бағдарламаларын бірлесіп әзірлеуді, оқытушылардың өзара біліктілігін арттыруды, студенттермен алмасу сапарларын және сала қажеттіліктеріне бейімделген мамандарды даярлау бағдарламаларын ілгерілетуді көздейді.

Фото:Шанхай ғылым және технология колледжі

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото