2026 жылдың алғашқы 8 айында Шанхай порттарындағы трансшекаралық электронды коммерция экспорты сәйкес мезгілмен салыстырғанда 28,7%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 29 қыркүйек

29 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Шанхай кеденінің 28 қыркүйек күні жариялаған статистикалық деректеріне сәйкес, 2026 жылдың алғашқы 8 айында Шанхай порттары арқылы жүзеге асырылған трансшекаралық электронды коммерция экспортының жалпы көлемі 106,98 миллиард юаньды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 28,7%-ға артып, өсу қарқыны қатарынан 8 ай бойы сақталды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото