Бейжіңдегі Чанъань даңғылында мемлекет мерекесіне арналған 10 топтамадан тұратын гүлзар орнатылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 30 қыркүйек

30 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекет мерекесі қарсаңында Бейжіңдегі Чанъань даңғылының бойында 10 топтамадан тұратын көлемді 3D гүлзарлар көпшілік назарына ұсынылды. Осы көлемді гүлзарлардан бөлек, даңғыл бойындағы шамамен 7000 шаршы метр аумаққа 450 мыңға жуық гүл шоқтары отырғызылып, көше бойы көгалдандырылды.

Биыл Чанъань даңғылындағы гүлзарларда 50 жаңа әрі жоғары сапалы гүл сорты алғаш рет қолданылып отыр. Олардың ішінде 22-сі жаңа сортты отандық өнім болса, 28 жаңа сорт шетелден әкелінген.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото