Қытайдың Қаржы министрі 2026 жылғы Орталық Азия экономикалық ынтымақтастығы Тяньшань форумының ашылу салтанатына қатысты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 қараша

3 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Орталық Азия экономикалық ынтымақтастығы Тяньшань форумы 2026 жылдың 2-3 қарашасы аралығында Қазақстанның Алматы қаласында өтті. Қытай Қаржы министрі Лань Фоань ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйледі. Шараға министрдің көмекшісі Чан Цзюньхун де қатысты.

Лань Фоань Қытайдың жоғары сапалы дамуды ілгерілетуді және жоғары деңгейдегі ашықтықты кеңейтуді жалғастыратынын, Орталық Азия елдерін қамтитын әлем елдеріне көбірек даму мүмкіндіктерін әкелетінін атап өтті.

Ресми өкіл Қытайдың Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайтуға, «Қытай-Орталық Азия рухын» белсенді түрде насихаттауға, тіпті де етене тағдыры ортақ Қытай-Орталық Азия қауымдастығын құруға және Орталық Азияның Еуразияны байланыстыратын «алтын жолға» айналуын қолдауға дайын екенін жеткізді.

Фото:Қаржы министрлігі

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото