2026 жылғы «Бір белдеу, бір жол» медиа ынтымақтастық форумы Фучжоу қаласында өтті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 қараша

3 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылғы «Бір белдеу, бір жол» медиа ынтымақтастық форумы 3 қараша күні Фуцзянь өлкесінің Фучжоу қаласында өтті. Іс-шараға 100 елден, халықаралық және аймақтық ұйымдардан, сондай-ақ 182 бұқаралық ақпарат құралы мен мекемеден 200-ден астам шетелдік өкіл қатысты.

Қатысушылар «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп құру ісінің Қытай бастамасынан дамып, халықаралық тәжірибеге бет алғанын, көпшілік қуана қабылдаған халықаралық әлеуметтік өнімге және әлемдегі ауқымы ең үлкен, қамтуы ең кең және ықпалы ең зор халықаралық экономикалық ынтымақтастық платформасына айналғанын атап өтті.

Жиынға қатысушылар әртүрлі елдердің бұқаралық ақпарат құралдары Жібек жолы хикаясын бірге айтуға дайын екенін айтты. Олар саяси диалог пен халықтар арасындағы байланыстың жебеушісі, Жібек жолы хикаясын жазушы, таратушы. Сондай-ақ қоғамда оң пікір қалыптастырудың құрушысы және оны қорғаушы болуға әзір.

Форумды «Халық Газеті» (People's Daily) мен Фуцзянь өлкесінің халық үкіметі бірлесіп ұйымдастырды. Форум «Ортақ армандар тау мен теңізден өтіп, Жібек жолы бойында ортақ үн қатады» тақырыбымен өтті. Іс-шараға ашылу салтанаты, «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құру жетістіктерін көрсететін көрме және «Бір белдеу, бір жол» жаңалықтар желісі кеңесінің 4-інші отырысы кірді. Сондай-ақ, 2026 жылғы «Бір белдеу, бір жол» аймақтық ынтымақтастық форумы, 12-інші ASEAN плюс үш БАҚ ынтымақтастығы семинары және 2026 жылғы «Жібек жолы өркениетін дамыту» форумы сынды 3 шара қатар өтті. Форумнан кейін қытайлық және шетелдік БАҚ өкілдері Фуцзянь сынды бірнеше өлке мен аймақта бірлескен сұхбат алу іс-шараларына қатысады.

Фото:«Халық Газеті»

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото