Қытай компаниясы Алматыда қатты қалдықтарды технологиялық өңдеу арқылы электр энергиясын өндіру жобасы бойынша келісімге қол қойды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 қараша

3 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Hunan Construction Investment Group еншілес компаниясы Hunan Installation компаниясы Алматыдағы Junxin Environmental Protection компаниясымен Қазақстанның Алматы қаласында қатты қалдықтарды технологиялық бір жақты ету арқылы электр энергиясын өндіру жобасы бойынша келісімге қол қойды.

Бұл Алматы үшін экологиялық басқаруды ілгерілету, жасыл және төмен көміртекті экономиканы дамыту бойынша негізгі инфрақұрылымдық жоба. Жобаның тәуліктік қуаты 2000 тонна тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеуге жетеді. Жоба аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін көмірқышқыл газы шығарындыларын жылына шамамен 200 000 тоннаға азайтып, 800 000 текше метрдей көму сыйымдылығын үнемдейді деп күтілуде. Бұл Алматының тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының сыйымдылығына түсетін қысымды тиімді түрде жеңілдетеді және қаланың заманауи қатты қалдықтарды жою жүйесін құруына көмектеседі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото