- Барлық ақпарат
Бейжіңде жер астынан 1800 жыл бұрынғы «ресми кеме» табылды

3 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 31 қазанда 4-інші кезекті Бейжің-Тяньцзинь-Хэбэй археологиялық академиялық алмасу кезінде бірқатар жаңа археологиялық жаңалықтар жарияланды. Соның ішінде Бейжіңнің Фэнтай аумағынан табылған 1800 жыл бұрын батып кеткен 3 кеменің қазба жұмыстары бар.
2025 жылдың қараша-желтоқсан аралығында Бейжіңдегі археологиялық сарапшылар Фэнтай аумағында жер астынан 7 метр тереңдікте Хань және Цзинь әулеттерінің ежелгі батып кеткен 3 кемесін қазып алды. Бұлар Қытайдың солтүстігінде осы уақытқа дейін табылған сол кезеңдегі ең ірі ішкі өзен кемелері.

Ежелгі кемеден «ресми» дегенді білдіретін 10 анық басылған мөр жазуы табылды. Бұл оның ресми үкімет кемелері мәртебесін дәлелдейді және ғалымдардың Бейжің канал көлігінің тарихын, Шығыс пен Батыс арасындағы технология алмасуын зерттеуіне дерек болады.

people.cn © People's Daily Online



