Шаньдундағы Циндао порты отандық көліктерді шетелге экспорттауға ықпал етуде

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 қараша

3 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Осы жылдың басынан бері Шаньдун портына қарасты Циндао порты өзінің кеме қатынасы желісін үздіксіз кеңейтіп, дамушы нарықта орналасуын оңтайландырып, отандық көліктерді экспорттауға қызмет көрсететін арнайы топ құрды. Олар көліктердің кестесін жасау, тексеру және учаскелерді басқаруды жетілдіру сияқты кешенді қызметтерді ұсыну арқылы көліктердің тиімді, кедергісіз экспортын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Циндао порты Африка, Орталық және Оңтүстік Америка, Орта Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияға тікелей кеме қатынасы бағыттарын ашып, отандық көліктерді шетелге экспорттауға демеу беруде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото