«Бір белдеу, бір жол» жаңалықтар желісі кеңесінің 4-інші отырысы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 4 қараша

4 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 3 қараша күні Фуцзянь өлкесінің Фучжоу қаласында «Бір белдеу, бір жол» жаңалықтар желісі (BRNN)кеңесінің 4-інші отырысы өтті. Жиынға 23 елден Жаңалықтар желісіне мүше 38 мекеменің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Жаңалықтар желісі кеңесі төрағасы «Халық Газеті» («People’s Daily») 3-інші кеңес атынан жұмыс есебін ұсынды. Есепте 2024 жылдың тамызында қазіргі кеңес құрылғаннан бергі оның негізгі қағидаттарды сақтай отырып, прагматикалық ынтымақтастықты тереңдету және инновацияларды енгізу мақсатында әртүрлі елдердегі медиа өкілдерін біріктіргені атап өтілді. Бұл қадамдар Жаңалықтар желісі бастамаларында жаңа әрі оң нәтижелерге қол жеткізуге, «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салуда медиа саласындағы ортақ түсіністікті кеңейтуге және ынтымақтастыққа тың серпін беруге ықпал етті. Бүгінгі таңда Жаңалықтар желісіне 120 елден 327 медиа ұйым мүше болып отыр. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда мүшелер санының 19%-ға өскенін көрсетеді. Мұндай кеңею Жаңалықтар желісінің ауқымы, географиялық қамту аясы және мүшелік базасының кеңейгенін айғақтайды. Аталмыш ілгерілеу Жаңалықтар желісін халықаралық медиа ынтымақтастығының маңызды алаңына және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы қоғамдық дипломатияның көрнекті брендіне айналдырды. Алдағы уақытта Жаңалықтар желісі кеңесі Жаңалықтар желісін кеңейтуге, жұмыс сапасын арттыруға, медиа алмасу саласына инновациялар енгізуге, интеллектуалды технологиялардың трансформациясынан туындайтын сын-қатерлерге жауап беруге, сондай-ақ Жаңалықтар желісі марапаттарының халықаралық ықпалын күшейтуге баса назар аударуды жоспарлап отыр.

Жиын барысында Жаңалықтар желісі жұмысын жоғары сапалы дамыту мәселесі бойынша кең ауқымды ортақ пікірге қол жеткізілді. Нәтижесінде ««Бір белдеу, бір жол» Жаңалықтар желісі кеңесінің 4-інші отырысының бірлескен декларациясы» қабылданып, жарияланды. Декларация Жаңалықтар желісінің әуелгі мақсатты ұмытпай, дәуірдің миссиясын бірге көтеруге; жалпы игілікке бағытталған дамуға назар аударуға; ақылға қонымды қоғамдық пікірталастарды қорғау арқылы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға; өзара үйреніп, өркениетаралық алмасуды ілгерілетуге; басқару мәселелері бойынша ортақ түсіністікке келу үшін интеллектуалды технологияларды қолдануға; ұжымдық күш-жігерді біріктіру арқылы ынтымақтастықты тереңдетуге шақырады.

Отырыста кеңестің 4-інші кезекті құрамы да жарияланды. 26 елден 42 медиа ұйым кеңестің жаңа мүшелері ретінде қабылданды. Кеңеске мүше ұйымдардың өкілдері Жаңалықтар желісінің рөлін барынша тиімді пайдалану, халықаралық коммуникация саласындағы «Жібек жолы сыйлығын» жоғары деңгейде ұйымдастыру және халықтар арасындағы байланысты нығайту жолдарын жан-жақты талқылады. Тараптар «Жібек жолы рухын» үздіксіз жетілдіріп, бірлікте жұмыс істеп, қол ұстаса алға жылжу қағидасын берік ұстануға дайын екендіктерін білдірді. Сондай-ақ, олар «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу бастамасын естелікке алушы, насихаттаушы және құрушылары ретінде қызмет етуге әзір екендігін айтты. Өкілдер барлық ел халықтары арасындағы өзара түсіністік пен достық қарым-қатынастарды үнемі тереңдете отырып, тағдыры ортақ адамзат қауымдастығын құруға, әлемдегі бейбітшілікті, өркендеу мен дамуды ілгерілетуге жаңа әрі елеулі үлес қосуды мақсат етті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото