China Southern Airlines және Air Astana бірлескен бизнес құру туралы келісімге қол қойды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 4 қараша

4 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 30 қазанда Астана қаласында China Southern Airlines пен Қазақстанның Air Astana әуе компаниясы бірлескен бизнес құру туралы ынтымақтастық келісіміне қол қойды. Бұрыннан бар код-шеринг (Code-share) серіктестігіне сүйене отырып, екі әуе компаниясы ұшу кестелерін оңтайландырып, бағыттар бойынша ынтымақтастық ауқымын кеңейтеді.

Келісімге сәйкес, код-шеринг (Code-share) серіктестігі көлемін екі елдің ішкі бағыттарынан, үшінші елдерге бағытталған рейстерді қамтуға дейін ұлғайтады. Әуе компаниялары өздерінің маршруттық желілерін біріктіру арқылы Өзбекстан мен Қырғызстан сынды Орталық Азия елдеріне баратын қытайлық жолаушыларға, сондай-ақ Қазақстаннан Вьетнам мен Тайланд сынды Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сапар шегетін жолаушыларға көбірек саяхат мүмкіндіктерін ұсынады.

Транзитті жеңілдету мақсатында екі әуе компаниясы «бірыңғай билет» және багажды тікелей жеткізетін тіркеу қызметтерін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл Қытай немесе Қазақстан арқылы өтетін транзиттік процесті оңтайландырып, жолаушылардың саяхаттау тәжірибесін жақсарта түседі.

Қол қою рәсімінде Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев соңғы жылдары Қытай мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасы тұрақты түрде өсіп келе жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта екі елді байланыстыратын 21 әуе бағыты бар. Ал биылғы жылдың өзінде жолаушылар ағыны 1 миллионнан асты. Ресми өкілдің айтуынша, бұл ынтымақтастық екі ел жолаушыларының саяхаттауын одан әрі жеңілдете түседі.

Фото:Қазақстанның авиациялық әкімшілігі

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото