- Барлық ақпарат
Қытайдағы маңызды ауыл шаруашылығы мәдени мұрасы нысандарының саны 276-ға жетті

4 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Ауыл шаруашылығы және ауыл-қыстақ министрлігінің хабарлауынша, Қытай жақында маңызды ауыл шаруашылығы мәдени мұрасы нысанының сегізінші топтамасын бекітіп, тізімге 88 дәстүрлі ауыл шаруашылығы жүйесін қосты. Осылайша, елдегі мұндай мәдени мұра жүйелерінің жалпы саны 276-ға жетті.
Ауыл шаруашылығы мәдени мұрасы — Жұңхуа ұлтының ұзақ жылдар бойғы егіншілік тәжирбиесінде мұрагерлік етіп, егіншілік мәдениетінің даналығы мен философиясын бойына сіңірген және бүгінгі күнге дейін ауыл шаруашылығы өндірісінде өз қызметін атқарып келе жатқан өндіріс тәсілі мен дәнекері.
Жаңадан қосылған 88 мұра жүйесі жеміс дақылдарын арнайы өсіру, құрғақ жердегі егіншілік және көкөніс шаруашылығы сияқты әртүрлі бағыттарды қамтиды. Олардың бүгінгі күнге дейін сақталып жетуінің тарихы ұзақ, мазмұны алуан түрлі. Бұл Жұңхуа аграрлық өркениетінің куәсі болмақ.
Қытай — ауыл шаруашылығы мәдени мұрасын ұлттық деңгейде жүйелі түрде анықтап, қорғауды қолға алған әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі. Бүгінгі таңда осы 276 мұра жүйесінің 25-і Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы тарапынан «Жаһандық маңызы бар ауыл шаруашылығы мәдени мұрасы жүйелері» деп танылып, саны жағынан әлемде көш бастап тұр.
people.cn © People's Daily Online



