- Барлық ақпарат
Нинсяның Чжунвэй қаласындағы Дамайди жартас суреттерінің цифрлық «генетикалық дерекқоры» құрылды

5 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 4 қарашада Нинсяның Чжунвэй қаласы Вэйнин солтүстік тауларындағы Гоби шөлінде орналасқан Дамайди жартас суреттерін цифрландыру және оларға арналған дерекқор құру жобасының маңызды кезеңге жеткенін хабарлады. Дамайдидің цифрлық «генетикалық дерекқорына» барлығы 4095 жартас суреті енгізіліп, олардың әрқайсысына бірегей «цифрлық азаматтық куәлік» (ID) берілді. Дамайди жартас суреттерінің негізгі бөлігі мемлекеттік деңгейде қорғалатын маңызды тарихи-мәдени нысан мәртебесіне ие. Мұнда 6870-тен астам жеке жартас суреттері бар. Бұл Чжунвэй аймағынан табылған осы тектес жартас сурет туындыларының 90%-ын құрайды. Жартасқа қашап қалдырған бейнелер көне тас құралдар дәуірінің соңынан бастап Сун мен Юань әулеттері (960-1368 жылдар) кезеңіне дейінгі аралықты қамтиды. Олардың мазмұнында адам бейнелері, жабайы аңдар және тасаттық беру белгілері кездеседі. Суреттердің ішінде сауыт-сүйек жазуларынан да бұрынғы көне бейнелі жазулар бар. Бұл жәдігерлер Солтүстік Қытайдағы тарихқа дейінгі көшпелі қоғамдарды зерттеу және түсіну үшін баға жетпес дереккөз болып табылады.
Фото:Нинся газеті




people.cn © People's Daily Online



