Гуансидің Синъе ауданындағы күріш алқаптарында жарыс басталды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 5 қараша

5 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Кеш пісетін күріштен мол өнім алатын маусымда Гуанси Чжуан автономиялық регионының Юйлинь қаласына қарасты Синъе ауданы қызықты егін жинау мәдениеті фестивалін атап өтті. Бұл шара жергілікті тұрғындар мен туристерді баурап, жиналғандар тартымды ойын барысында мол өнімнің қуанышын бірге тойлады.

Мерекелік шара күріш ору жарысымен басталды. Қатысушылар еңкейіп, күріш сабақтарын ұстап, орақтарын сермеу арқылы жылдамдық пен шеберлік жағынан өзара бақ сынасты. Одан кейін күріш алқаптарында балық, тауық, тіпті шошқа ұстау сияқты ауыл шаруашылығына қатысты қызықты сайыстар өтті. Сондай-ақ, фестиваль аясында жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі мен сатылымы ұйымдастырылып, ауылдың дәмді тағамдарына арналған арнайы орын да бөлінді. Егіншілікке қатысты жарыстардан бастап, ауылдық ойын-сауықтарға дейінгі шаралар ауылдың ерекше әрі шынайы болмысын көрсетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото