Ішкі Моңғұлдың Эрэн-Хот қаласында Қытай-Еуропа жүк пойызының қатынасы үздіксіз жеделдеді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 5 қараша

5 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 3 қарашада Ішкі Моңғұлдың Эрэн-Хот портындағы Қытай-Еуропа жүк пойыздарының жыл басынан бері қатынаған саны 4000-нан асты. 2 қарашаға дейін, бұл порт арқылы жалпы 3993 Қытай-Еуропа жүк пойызы қатынап, 3 миллион 902 мың тонна жүк тасымалдады. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 4,0% және 24,6%-ға өсіп, екі көрсеткіш те сол кезеңдегі ең жоғары деңгейге жетті.

Эрэн-Хот порты — Қытайдың Моңғолияға бағытталған ең үлкен құрлық порты және Қытай-Моңғолия-Ресей экономикалық дәлізінің негізгі торабы. Қытайдың (Ішкі Моңғұл) еркін сауда пилоттық аймағының саяси жеңілдіктеріне сүйене отырып, порттың тасымалдау қуаты үздіксіз артып келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото