- Барлық ақпарат
9-ыншы Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылу салтанаты өтті
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 5 қараша

5 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 5 қарашада Шанхайда 9-ыншы Қытай халықаралық импорт көрмесі мен Хунцяо халықаралық экономикалық форумының ашылу салтанаты өтті.
Биылғы көрме бірнеше жаңа рекорд орнатты. Көрмеге 162 елден, аймақтан және халықаралық ұйымдардан қатысушылар жиналып, шетелдік кәсіпорындардың саны 4142-ге жетті. Көрменің жалпы ауданы алғаш рет 440 000 шаршы метрден асты.
Кәсіпорындарға арналған көрме алаңы 370 000 шаршы метрден асып түсті. Ал қатысушы «Fortune Global 500» тізіміндегі компаниялар мен өз саласында жетекші кәсіпорындардың саны алғаш рет 300-ден жоғарылады. Көрмеге әлемдік, азиялық немесе қытайлық нарықта алғаш рет таныстырылып отырған 480-нен астам өнім қойылды. Бұл көрме тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.








(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



