21 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 20 қазанда Бейжің - 2022 қысқы Олимпиада ойындарына арналған от алауы Бейжіңге келді, ал Олимпиада ойындарының алауын қарсы алу рәсімі Олимпиадалық мұнарада өтті. Жоспарға сәйкес, 2022 жылдың 2-4 ақпан аралығында дәстүрлі алау эстафетасы Бейжің, Янцин және Чжанцзякоудың үш жарыс аймағында өткізіледі, факельдік эстафетаға барлығы 1200-ге жуық алаугерлер қатысады.
20 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 19 қазанда қар жасайтын машина Хэбэй өлкесінің Чжанцзякоу қаласы Чуңли аумағы Юндиң тау шаңғысы саябағында қар жинау жұмыстарын жүргізді. Жақында Бейжің қысқы Олимпиадасының Чжанцзякоу жарыс аймағындағы кейбір жарыс орындары алдағы жарыстарға дайындалу үшін жасанды түрде пайда болған қарды жаудыра бастады.
19 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің қысқы Олимпиада ойындарының үш ірі жарыс майданының бірі ретінде Бейжің Яньцин аумағы 2018 жылдың мамыр айынан бастап «Қысқы Олимпиадаға қызмет көрсететін 100 000 адамға арналған жаттығуды» бастады. Ол жарыс ойындарына қызмет көрсетуге кепілдік ету үшін шаңғы жабдығын жөндеу мен күтім, қоғамдық тамақтандыру мен бөлме қызметтеріне және жедел құтқару сынды салаларына бағытталған жүйелі түрде жаттығулар өткізді.
19 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 18 қазанда Бейжің қысқы Олимпиадасына арналған от алауы Олимпиадалық қозғалыстың отаны Грециядағы Пелопоннес түбегіндегі Ежелгі Олимпияда от алауы сәтті тұтандырылды. Екі мың жылдан астам тарихы бар Гера ғибадатханасы алаңының алдында Бейжің үшін Олимпиадалық алау тағы да жанды.