27 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің қысқы Олимпиадасы 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында, ал Бейжіңдегі қысқы Паралимпиада 2022 жылдың 4-13 наурыз аралығында өтеді. Бейжің жазғы және қысқы Олимпиада ойындарын өткізетін әлемдегі алғашқы қала болады.
25 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 2021/2022 Сырғанаушылардың халықаралық одағы (ISU) шорт-тректен конькимен сырғанаудың әлем чемпионаты Бейжің бекеті жарысы 24 қазан күні шымылдығын жапты. Қытай құрамасы ерлер мен әйелдер біріккен 2000 метрлік және әйелдер арасында 3000 метрлік эстафеталық жарыста біріншілікке қол жеткізді, ал ерлердің 1500 метрлік жарысында қола медальға қол жеткізді.
22 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Халық банкі 2021 жылдың 26 қазанынан бастап 24-ші қысқы Олимпиада ойындарына арналған жалпы саны 12 мерейтойлық тиындарды шығарады. 10 алтын және күміс мерейтойлық тиындардың жиынтығы (2-топ), оның ішінде 4 алтын мерейтойлық тиын, 6 күміс мерейтойлық тиын және 2 мыс қорытпасынан жасалған мерейтойлық тиын, олардың барлығы Қытай Халық Республикасының заңды төлем құралы болып табылады.
21 қазан, онлайн «Халық Газеті» --Бүгін астаналық спорт кешенінде Халықаралық конькишілер одағы (ISU) шорт-тректен конькимен сырғанаудың, 2021/2022 жылғы "Бейжіңде кездесу" атты әлем чемпионаты басталады, Бұл іс-шара Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының іріктеу жарыстарының бірінші кезеңі, сонымен қатар Бейжің қысқы Олимпиадасының сынақ жарыстарының бірі болып табылады. Жарыс 4 күнге созылады, 9 шағын жарыстардан тұрады, ал оған 37 ел мен аймақтардан келген, жалпы саны 232 спортшы қатысуға тіркелді.