Орталық банк 26 қазаннан бастап 24-ші қысқы Олимпиада ойындарына арналған 12 мерейтойлық тиындарды шығарады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 22 қазан
Орталық банк 26 қазаннан бастап 24-ші қысқы Олимпиада ойындарына арналған 12 мерейтойлық тиындарды шығарады
Алтын тиынның оң беті

22 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Халық банкі 2021 жылдың 26 қазанынан бастап 24-ші қысқы Олимпиада ойындарына арналған жалпы саны 12 мерейтойлық тиындарды шығарады. 10 алтын және күміс мерейтойлық тиындардың жиынтығы (2-топ), оның ішінде 4 алтын мерейтойлық тиын, 6 күміс мерейтойлық тиын және 2 мыс қорытпасынан жасалған мерейтойлық тиын, олардың барлығы Қытай Халық Республикасының заңды төлем құралы болып табылады.

Бұл мерейтойлық тиындар жиынтығының беткі жағындағы басты ерекшелік – ол Бейжің қысқы Олимпиадасының өрнекті нысандарымен, Ұлы Қытай қорғанымен, қар басқан таулармен және басқа элементтермен толықтырылған 24-ші Қысқы Олимпиаданың эмблемасы болып табылады. Мерейтойлық тиындардың жоғарғы жағында елдің атауы «Қытай Халық Республикасы», ал төменде «2022» жыл саны басылған. Ал теріс бетіне 24-ші қысқы Олимпиада ойындарының бойтұмары, қар-мұз ойындары, Олимпияда алауы сияқты элементтер өрнектелген және «24-ші қысқы Олимпиада ойындары» атты сөз бен номиналдары ойып жазылған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото