10 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында бір жас жігіт 11000 лего кірпішін пайдаланып Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының белгілі орны «Мұз таспасын» салды. Ол 3D-модельдеуді қолданып, бастапқыда «Мұз таспасы» стадион үлгісін жасап, кейін оны лего кірпішімен тұрғызды.
28 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 27 қазанда Бейжің қаласы әкімінің орынбасары, Бейжің қысқы Олимпиадалық ұйымдастыру комитеті төрағасының атқарушы орынбасары Чжан Цзяньдун баспасөз мәслихатында қысқы Олимпиада ауылы келесі жылдың 27 қаңтарында ресми түрде ашылып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшыларды қарсы алатынын хабарлады. Алау эстафетасы 2 ақпанда өтеді.
28 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 27 қазан күні 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасы мен Паралимпиаданың қызметкерлері, техникалық шенеуніктері мен еріктілерінің киімдері ресми түрде шығарылды. Бұл киім-кешектер 600-ден астам сыртқы дизайн жұмыстарының жиынтығынан сараланып шығып, формалары мен нұсқалары 8 рет оңтайландырылған.
27 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 26 қазан кешкі сағат 8-де Бейжің қысқы Олимпиадасының ашылу салтанатына 100 ккүндік кері санау кезеңі басталды. Бейжің-2022 қысқы Олимпиадасы мен Паралимпиада ойындарының медальдары жұртшылық алдында таныстырылды.