人民网首页

Саяси  консультативтік кеңес

Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің XIII ұлттық комитетінің бесінші сессиясы жабылды

11 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің XIII ұлттық комитетінің бесінші сессиясы 10-ы наурыз таңертең халық құрылтайы сарайында әртүрлі күн тәртібін сәтті аяқтап, жабылды.

Айды барлау жобасының төртінші кезеңі үш тапсырманы орындайды

3 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы жылдары Қытай «Қуатты әуе-ғарыштық ел» құру қарқынын арттырып, тамаша жетістіктерге қол жеткізді. Алға қарасақ, Қытайдың Айды зерттеуге қатысты қандай жоспарлары бар? Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі ұлттық комитетінің тұрақты комитет мүшесі, айды зерттеу жобасының бас конструкторы және Қытай инженерлік академиясының академигі У Вэйрэнь жақында Айды зерттеу жобасының төртінші кезеңі ресми түрде жүзеге асырылды деп мәлімдеді.

Шың басындағы ауыл өзгерісінің көріністері

9 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 6 наурызда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі XIII Ұлттық комитетінің бесінші сессиясына қатысқан ауыл шаруашылығы, әлеуметтік жеңілдік және әлеуметтік қамсыздандыру салаларының өкілдеріне амандаса барып, ортақ топ отырысына қатысып, өкілдердің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Отырыста Сычуандық өкіл Еши Дава Бас хатшы Си Цзиньпинге Сычуаньдағы «Шың басындағы ауыл» атанған Атульер ауылының екі фотосуретін көрсетті, бірі бұрын ауылда қолданылған ротан баспалдақтары, екіншісі 2017 жылы салынған болат баспалдақ.

Жолбарыстар ауылға, пілдер солтүстікке келіп, Қытайдың жабайы жануарлары неліктен қыдырмашы болып кетті?

9 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Өткен жылы желі қолданушыларының назарын жолбарыстан басқа, түрлі жабайы жануарлар да өздеріне аударды. Оның ішінде оңтүстіктен солтүстікке «саяхаттаған» Юньнань пілдері, егіндікке дейін келген жабайы шошқалар, саны көбейген тибет бөкендері және Бейжің жабайы хайуанаттар бағындағы «адамдар төбелесін сахналаған» жануарлар бар.

1 2 Келесі бет