人民网首页

Жаңалық

Мемлекеттік XIII халық құрылтайының бесінші сессиясы ашылды

5 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік XIII халық құрылтайының бесінші сессиясы 5 наурыз күні таңертең Бейжіңде Халық құрылтайы сарайында ашылды. Сессия жұмысына Си Цзиньпин және басқа да партия мен мемлекет басшылары қатысты.

Чжан Есуй: Бейбіт өмір сүрудің кілті – өзара сыйластық

4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін мемлекеттік ХІІІ халық құрылтайы бесінші сессиясының баспасөз мәслихаты өтті. Мемлекеттік ХІІІ халық құрылтайы бесінші сессиясының баспасөз хатшысы Чжан Есуй: «Өзара сыйластық, бейбіт қатар өмір сүру және ынтымақтасып тең ұтысқа жету Қытай мен АҚШ-тың жаңа дәуірде тіл табысуының дұрыс жолы болуы керек.

Қытайдың бұл арнайы заңы «Қарсы» сөзін ерекшелеп көрсетеді

4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін мемлекеттік ХІІІ халық құрылтайы бесінші сессиясының баспасөз мәслихаты өтті. Мемлекеттік ХІІІ халық құрылтайы бесінші сессиясының баспасөз хатшысы Чжан Есуй: “Қытайдың - Шетелдік санкцияларға қарсы” заңы жоғары бағытты және мақсаттылығы аса күшті арнайы заң болып табылады, онда “қарсы” сөзі ерекше көрсетіледі.

Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі XIII ұлттық комитетінің бесінші сессиясы ашылды

4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Наурыздың 4-і күні түстен кейін Бейжіңде Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі XIII ұлттық комитетінің бесінші сессиясы ашылып, Си Цзиньпин және басқа да партия мен мемлекет басшылары ашылу салтанатына қатысты. Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі ұлттық комитетінің төрағасы Ван Ян Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Ұлттық комитеттің тұрақты комитеті атынан жұмысы есебі баяндамасын жасады.

Алдыңғы бет1 2 3 4 5 6 Келесі бет