人民网首页

Жаңалық

Чжан Есуй: бір елдің демократиялық екенін тәжірибеге қарағанымыз нанымды, халықты тыңдағанымыз ең қонымды

4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік ХІІІ халық құрылтайы бесінші сессиясының баспасөз хатшысы Чжан Есуй Бүкіл процесте халықтық демократияның екі кіндік сөзі бар екенін айтты: бірі - ол «Халық демократиясы», екіншісі - «Барлық процесс». Қытайдың халықтық демократияны дамытудың бүкіл процесінде толық жүйе мен бағдарламалар ғана емес, сонымен бірге толық қатысу тәжірибесі бар.

Чжан Есуй: Қытай шетелге вакцинаны ең көп берген ел

4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік ХІІІ халық құрылтайы бесінші сессиясының баспасөз хатшысы Чжан Есуй Қытай осы уақытқа дейін 120-дан астам ел мен халықаралық ұйымдарға 2 миллиард 100 миллион дозадан астам вакцина берді, бұл Қытайдан тыс жалпы жаһандық вакцинаны қолданудың үштен бірін құрайды және шетелге ең көп вакцина берген ел болып табылатынын жеткізді. Чжан Есуй Қытайдың дамушы елдердің вакцина ынтымақтастығының негізгі серіктестері болуын табандылықпен жалғастыратынын атап көрсетті.

Қытайлық үкімет басшылары жұмыстың орындалуын қадағалау үшін жеке ұялы телефон нөмірлерін жариялады

4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Үкімет орындарының халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету мәселелерінің орындалуын қадағалау үшін Гуанси, Аньхой сынды Қытайдың кейбір өлкелері мен аймақтарының басшылары жергілікті халыққа ұялы телефон нөмірлерін жариялады. Сонда бұл телефон нөмірлері арқылы шынында хабарласуға бола ма? Жақында «Наньнин Дейли» газетінің тілшісі бірқатар басшылардың нөмірлеріне хабарласып көргенде, кейбіреулерін орталықтандырылған сала мамандары көтерсе, ал кейбіреулерін басшылардың өзі қабылдаған.

Юшу қаласындағы тибеттіктер Тибет Жаңа жылын тойлады

4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Наурыздың 3-і күні Цинхай өлкесінің Юшу Тибет автономиялық облысының Юшу қаласында тибеттіктер Тибет күнтізбесі бойынша су жолбарысы жылын тойлап, ән салып, би биледі. Бұл мереке Тибет дәстүрлі күнтізбесі бойынша су жолбарысы жылы бірінші айының бірінші күніне сәйкес келеді.

Алдыңғы бет2 3 4 5 6 7 Келесі бет