人民网首页

Жаңалық

Шыңжаңның Тұрпан қаласында дүбірлі көкпар жарысы өтті

28 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Ақпанның 26-сы күні Шыңжаңның Тұрпан қаласында дүбірлі көкпар жарысы өтті. Алуан түрлі этникалық спорттық қойылымдар туристерді тарту үшін жергілікті туризмнің ерекшеліктерінің біріне айналған болатын.

Қытай мен «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдер арасындағы тауар айналымының көлемі ең жоғары деңгейге жетті

28 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің бірнеше күн бұрын Сауда министрлігінен алған ақпаратына сәйкес: 2021 жылы еліміз бен «Бір белдеу, бір жол» бойында орналасқан елдер арасындағы тауар айналымының көлемі 11,6 триллион юаньға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,6 пайызға артты. Сөйтіп сегіз жылдағы ең жоғары көрсеткішті орындады.

Шыңжаңдағы кедейшілікпен күрескен ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы табысы 14798 юаньға жетті

28 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 2021 жылы Шыңжаң кедейшілікпен күресу жетістіктерін нығайту және кеңейту барысын ауылды жандандыру құрылысымен тиімді байланыстырды. Кедейліктен құтылған халықтың табысы жаңа өсімге қол жеткізіп, кедейлікпен күрес аймақтарындағы ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы табысы 14798 юаньға жетіп, өткен жылғы сәйкес мезгілден 12,08%-ға өсті.

Еліміздің фотоэлектрлік өнеркәсібінің экспорты 28,4 миллиард доллардан асып, жаңа рекордқа жетті

24 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 2021 жылы фотоэлектрлік өнеркәсіп тұрақты өсімге қол жеткізді. Полисилиций, кремний пластиналары, ұяшықтар мен модульдер өндірісі жеке-жеке 505 000 тоннаға, 227 гигаватт (ГВт), 198 ГВт және 182 ГВт-қа жетті, бұл былтырғы сәйкесті мезгілмен салыстырғанда 28,8%, 40,7%, 46,9%, 46,1%-ға өсіп, төрт буынның өнім көлемі 750 миллиард юаньнан асты.

Алдыңғы бет4 5 6 7 8 Келесі бет