Юшу қаласындағы тибеттіктер Тибет Жаңа жылын тойлады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 4 наурыз
Юшу қаласындағы тибеттіктер Тибет Жаңа жылын тойлады

4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Наурыздың 3-і күні Цинхай өлкесінің Юшу Тибет автономиялық облысының Юшу қаласында тибеттіктер Тибет күнтізбесі бойынша су жолбарысы жылын тойлап, ән салып, би биледі. Бұл мереке Тибет дәстүрлі күнтізбесі бойынша су жолбарысы жылы бірінші айының бірінші күніне сәйкес келеді. Юшу қаласындағы тибеттіктер Тибет жаңа жылында өздерінің ұлттық киімдерін киіп, көңілді тибет билерін биледі. Кейбір тибеттіктер Жанамани тас қаласына ғибадат ету үшін келіп, тұт тұтатып, жаңа жылдан мол өнім мен сәттілік тіледі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото