人民网首页

Жаңалық

Ван И Қытай-АҚШ қарым-қатынасы туралы: «Үш нүктелі ережені» «үш принциппен» ауыстыру керек

7 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 7 наурыз түстен кейін Мемлекеттік XIII халық құрылтайының бесінші сессиясының тиісті баспасөз мәслихатында, Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И «Қытайдың сыртқы саясаты мен сыртқы қатынастарына» қатысты мәселелер бойынша қытайлық және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ван и өткен жылдан бері Төраға Си Цзиньпин мен Президент Байден бейне кездесу өткізіп, екі рет телефон арқылы сөйлесіп, екі тарап түрлі деңгейдегі диалогтар мен алмасулар жүргізгенін айтты.

Ван И: Әр ел үшін бөліну емес, бірлік, қарсыласу емес диалог қажет

7 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 7 наурыз түстен кейін Мемлекеттік XIII халық құрылтайының бесінші сессиясының тиісті баспасөз мәслихатында, Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И «Қытайдың сыртқы саясаты мен сыртқы қатынастарына» қатысты мәселелер бойынша қытайлық және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап бергенде былай деді: «Биылғы жыл - әлем үшін тағы бір тәуекелге толы жыл. Осы маңызды сәтте елдерге бөліну емес, бірлік, қарсыласу емес диалог қажет.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин әйел отандастарға мерекелік құттықтаулар мен шынайы тілектер жолдады

7 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай Қытай Коммунистік партиясының Орталық Комитеті атынан Мемлекеттік екі сессияға қатысқан әйел өкілдерге, әйел комиссарларға, әйел қызметкерлерге, бүкіл қытайдағы әр ұлт пен әр саладағы әйелдерге, Сянган мен Аомэнь арнайы әкімшілік регионындағы және Тайваньдағы әйел отандастарға, сонымен бірге шетелдегі әйел отандастарға мерекелік құттықтаулары мен шынайы тілектерін жолдады.

Үкімет жұмыс есебі баяндамасының қысқаша мазмұны

5 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік XIII халық құрылтайының бесінші сессиясы 5 наурыз күні таңертең Бейжіңде ашылды. Сессияда ҚХР Мемлекеттік кеңестің премьер-министрі Ли Кэцян Мемлекеттік кеңес атынан үкімет жұмыс есебі баяндамасын жасады.

Алдыңғы бет1 2 3 4 5 6 Келесі бет