Үкімет жұмыс есебі баяндамасының қысқаша мазмұны

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 5 наурыз

5 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік XIII халық құрылтайының бесінші сессиясы 5 наурыз күні таңертең Бейжіңде ашылды. Сессияда ҚХР Мемлекеттік кеңестің премьер-министрі Ли Кэцян Мемлекеттік кеңес атынан үкімет жұмыс есебі баяндамасын жасады. Оның негізгі түйіндері мыналар:

Бірінші, Өткен жылғы жұмыстарға шолу:

Өткен жылы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 8,1%-ға өсті.

Тұрғындардың жан басына шаққандағы таза кірісінің нақты өсуі 8,1% болды.

Қала-қалашықтарда жаңадан жұмыстанғандардың саны 12,69 млн адамға жетті.

Жаңа салық жеңілдіктері мен алымдарды азайту 1 триллион юаньнан асты.

Бүкіл вакцинация процесімен қамту деңгейі 85%-дан асқан.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото