Үкімет жұмыс есебі баяндамасының қысқаша мазмұны (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 5 наурыз

Үшінші, Биылғы жылдың кейбір негізгі міндеттері:

Қаржы: биылғы жылы тапшылық деңгейі шамамен 2,8% айналасында болады, орталықтың жергілікке аударым төлемдері шамамен 1,5 триллион юаньға артып, ауқымы шамамен 9,8 триллион юань болады деп жоспарлануда.

Үкімет инвестициясы: биылғы жылы 3,65 триллион юань жергілікті үкіметтің арнайы облигацияларын ұйымдастыру жоспарлануда.

Салықтарды төмендету: жыл бойы салық жеңілдіктері мен салықтарды төмендету шамамен 2,5 триллион юаньды құрайды деп межеленуде, оның шамамен 1,5 триллион юаньі ұстап қалынатын салық жеңілдіктері болады.

Жұмыспен қамту: 100 миллиард юань жұмыссыздықтан сақтандыру қорын жұмыс орындарын тұрақтандыру мен оқытуды қолдау үшін істетеді.

Үкімет қызметтері: «Өлке аттап бітіре беру» аясын кеңейтеді. Негізінен электронды сертификаттар мен лицензияларды өлкелер арасында өзара тануды жүзеге асырады.

Тұтыну: жаңа энергетикалық көліктерді тұтынуды қолдауды жалғастырып, жергілікті үкіметтерді ауылдық жерлерге жасыл ақылды тұрмыстық техниканы жеткізуге және көнесін жаңасына алмастыруға ынталандырады.

Инновация: іргелі зерттеулердің он жылдық жоспарын жүзеге асыру және ғылыми-техникалық жүйені реформалаудың үш жылдық жоспарын жүзеге асырады.

Ауылды жандандыру: жергілікті өндірісті дамытып және ауылдық құрылыс әрекеттерін бастау үшін кедейліктен арылған аймақтарға қолдау көрсету.

Ашық: көбірек елдермен және аймақтармен келіссөздер жүргізіп және жоғары стандартты еркін сауда туралы келісімдерге қол қоюды ілгерлету.

Қоршаған ортаны қорғау: энергияны және суды үнемдеуді, қалдықтарды қайта өңдеуді және басқа да қоршаған ортаны қорғау саласын қолдау саясатын жақсартады.

Білімділік: міндетті білім беру кезеңіндегі ауыртпалығын азайту істерін жалғастыру.

Медициналық сақтандыру: тұрғындарды медициналық сақтандыру және денсаулық сақтаудың негізгі қызметтері үшін жан басына шаққандағы қаржылық субсидиялар стандарттары сәйкесінше 30 юань және 5 юаньға көбейтілді.

Әлеуметтік қамсыздандыру: үш бала туу саясатын қолдау шараларын жетілдіру және халыққа тиімді бала күтімі қызметтерін дамыту.

Тұрғын үй: дамудың жаңа үлгілерін зерттеп, ұзақ мерзімді жалға беру нарығының дамуын жеделдету және қолжетімді тұрғын үй құрылысын ілгерлету.

Мәдениет және спорт: жұртшылыққа жақын жерден спорт алаңдары құрылғыларын салу.

Сянган, Аомэнь және Тайвань: Сянган мен Аомэньнің экономикасын дамытып, халықтың тұрмысын жақсартуға қолдау көрсетіп, «Тайвань тәуелсіздігі» сынды сепаратистік әрекетке табанды түрде қарсы тұру. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото