人民网首页

Жаңалықтар

Қытай-Қазақстан қарым-қатынасының тағы бір алтын отыз жылы басталды — Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо

13 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы 12 қыркүйекте Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың шақыруымен 14 қыркүйек күні Қазақстанға мемлекеттік сапармен баратынын хабарлады.

Си Цзиньпин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 22-нші отырысына қатысады және Қазақстан мен Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

13 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хуа Чуньин 12 қыркүйекте: 14-16 қыркүйек аралығында Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Самарқандта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 22-нші отырысына қатысады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен екі елге мемлекеттік сапармен барады деп мәлімдеді.

Бақты шекарасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты екі есе өсті

2 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Үрімжі кеденінен алған мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың басынан бері Бақты шекарасындағы ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты күрт өсті. Алғашқы жеті айда порттағы ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы импорттық және экспорттық құны 307 миллион юань болып, өткен жылмен салыстырғанда 113,2 пайызға өсті.

Қытай-Еуропа теміржолының дәрілік заттар шикізатын тасымалдайтын пойызы Сианьға жетті

2 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 31 тамызда Түрікменстаннан мия шикізаты тиелген Қытай-Еуропа жүк пойызы Сиань халықаралық порт станциясына сәтті жетті. Бұл Қытай-Еуропа жүк пойызының алғаш рет тек мия шикізатын толтыра тиеп жолға шығуы.

Алдыңғы бет2 3 4 5 6 7 Келесі бет