Қытай-Еуропа теміржолының дәрілік заттар шикізатын тасымалдайтын пойызы Сианьға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 қыркүйек
Қытай-Еуропа теміржолының дәрілік заттар шикізатын тасымалдайтын пойызы Сианьға жетті

2 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 31 тамызда Түрікменстаннан мия шикізаты тиелген Қытай-Еуропа жүк пойызы Сиань халықаралық порт станциясына сәтті жетті. Бұл Қытай-Еуропа жүк пойызының алғаш рет тек мия шикізатын толтыра тиеп жолға шығуы. Шикізат Түркіменстаннан импортталған. Бұл «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдердің сыртқы саудасына, логистикалық арналарды іркіліссіздендіруге, сондай-ақ Қытайдың дәстүрлі медицина саласында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға көмектесудің жаңа жолы болып табылады.

Арнайы пойыз жалпы салмағы 850 тонна болатын 42 контейнерді тасымалдаған. Пойыз «теңіз-теміржол аралас тасымалы» әдісін қолданып, Түркімен Башы портынан кемемен шығып, Қазақстанның Ақтау порты арқылы теміржолға ауысып, Қорғас портынан Қытайға кіріп, одан Сиань халықаралық порт станциясына жетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото