人民网首页

Жаңалық

Келесі Қытай-Орталық Азия саммиті Қазақстанда 2025 жылы өтеді

19 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 19 мамырда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Сиань халықаралық конгресс орталығында Орталық Азияның бес елі көшбасшыларымен бірге журналистермен кездесті. Си Цзиньпин біз бұл саммитті мүмкіндік ретінде пайдаланып, Қытай және Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесу тетігін ресми құрып, екі жылда бір рет Қытай мен Орталық Азия елдерінде кезекпен өткізіп тұру керектігін атап өтті.

Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетінің Қазақстандық филиалы құрылады

19 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 18 мамырда Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университеті мен Қазақстандағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Сианьда «Солтүстік-батыс политехникалық университетінің қазақстандық филиалын» бірлесіп құру жөніндегі ынтымақтастық келісіміне қол қойды. Алдымыздағы оқу жылында 60 магистранттан тұратын бірінші топ қабылданады деп болжануда.

Қазақстанда Лубань шеберханасын салу туралы ынтымақтастық келісіміне қол қойылды

19 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 18 мамырда Тяньцзинь кәсіби университетінде Қазақстанда Лубань шеберханасын салу туралы ынтымақтастық келісіміне қол қою рәсімі өтті. Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Басқарма төрағасы-ректор Сәуле Рахметуллина «Қазақстанда Лубань шеберханаларының құрылысын жеделдету» Қытай мен Қазақстан көшбасшыларының ортақ мүддесі екенін айтты.

Си Цзиньпин «Қытай ― Орталық Азия» саммитінде «төрт ұсынысты» алға тартты

19 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 19 мамыр күні таңертең ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Шэньси өлкесі Сиань Халықаралық конгресс орталығында Қытай—Орталық Азия саммитіне төрағалық етті. Маңызды баяндамасында Төраға Орталық Азияны қалай құру керектігі туралы «төрт ұсынысты» алға тартты.

上一页1 2 3 4 5 6 下一页