11 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мао Нин 10 наурыз күні Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның арнаулы мекемелері Тайвань туралы сұрақ қойғанда «Қытайдың Тайвань өлкесі» деген атауды қолданды. «Тайваньның Қытайдың бір өлкесі ретінде тәуелсіз мәртебесі жоқ» - бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми ұстанымы және бұл туралы құжаттан да көрсеңіз болады.
10 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 10 наурызда Қытай Халықтық Саяси консультативтік кеңесі XIV Ұлттық комитетінің үшінші сессиясы күн тәртібіндегі мәселелерді сәтті талқылап, жиналысты өз деңгейінде аяқтады. Фото:Синьхуа.
10 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Адам ресурстары және әлеуметтік қамсыздандыру министрі Ван Сяопин 9 наурызда өткен Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының үшінші сессиясындағы халық тұрмысы тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында алдыңғы екі айдың жағдайына қарағанда, көктем мерекесінен кейін кәсіпорындардың өндірісті қалпына келтіру үдерісі жеделдеп, жұмысшылар сыртқа ертерек шығып, өңір аттап жұмыс істеу тәртіппен жүріп, еңбек нарығы ойдағыдай басталғанын айтты. Биыл үкіметтің жұмыс есебінде экономикалық өсуге және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге күшті қолдау көрсететін неғұрлым белсенді макроэкономикалық саясат енгізіліп, жүзеге асырылатыны көрсетілген.
10 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 9 наурызда Мемлекеттік XIV Халық құрылтайы үшінші сессиясының халық тұрмысы тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында Қытайдың Халық Істер министрі Лу Чжиюань еліміз халық саны дамуында балалардың азаюы, қартаю және жас ұлғаю сынды ерекшеліктердің орын алғандығын айтты. Дәстүрлі отбасылық қарттарға күтім жасау функциясы әлсіреп, егде жастағы адамдар әлеуметтік көмек көрсету қызметіне сұранысты арттыруда.