15 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2025 жылдың алғашқы жеті айының қорытындысы бойынша Шаньдун өлкесінің Циндао қаласындағы Қытай-ШЫҰ демонстрациялық аймағынан 239 TIR халықаралық жүк көліктері жолға шығып, 134,3%-ға өсті. Деректерге сәйкес, осы көліктермен тасымалданатын жүктердің көлемі 156 миллион юаньды құрады.
15 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 14 тамыз күні 2025 жылғы «Қытай тілі көпірі» бағдарламасы аясында Тяньцзинь педагогикалық университетінің «ШЫҰ уәдесі» атты студенттерге арналған қытай тілі алмасу лагері Тяньцзинь қаласының көне мәдениет көшесінде іс-шара өткізді. Ресейден, Қазақстаннан, Өзбекстаннан және басқа да Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдерден келген 100 жас студент байырғы көшені аралап, дәстүрлі Қытай мәдениетінің сыры мен қырын сезінді.
11 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Кедендік статистикаға сәйкес, биыл алғашқы жеті айда ШЫҰ демонстрациялық аймағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше басқа мемлекеттерге импорт-экспорт сомасы 53,26 миллиард юаньға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1%-ға артық. Олардың ішінде экспорт 26,88 миллиард юаньды құрап, 21,5%-ға өсті; импорт 26,38 миллиард юаньды құрап, 31,0%-ға өсті.