«Шэньчжоу-12» нөмірлі әлем кемесінің үш ғарышкері Тяньхэ өзекті бөлмесіне сәтті кірді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 28 маусым
«Шэньчжоу-12» нөмірлі әлем кемесінің үш ғарышкері Тяньхэ өзекті бөлмесіне сәтті кірді
«Шэньчжоу-12» нөмірлі әлем кемесінің үш ғарышкері Тианхы өзекті бөлмесіне сәтті кірді.webp

28 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайлықтар тұңғыш рет өзінің кеңістік бекетіне енді.

Тілшінің Қытай ғарышқа адам алып ұшу инженериясы кеңсесінен алған мәліметінше, «Шэньчжоу-12» нөмірлі адам алып ұшатын әлем кемесімен және оның негізгі кабинасымен дербес әрі тез түйілісуді сәтті жүзеге асырғаннан кейін, ғарышкерлер топ бойынша отырып қайтымды кабинадан орбиталық кабинаға кірді. Тәртіп бойынша әр түрлі дайындықтарды орындағаннан кейін ілгерінді-кейінді кабина есігі, өзекті бөлме есігі ашылды, Бейжиң уақытымен 17 маусым күні сағат 18 ден 48 минут өткенде ғарышкерлер Не Хайшэн, Лю Бомин, Тан Хунбо ілгерінді-кейінді Тяньхэ өзекті бөлмесіне кірді, бұл − қытайлықтардың тұңғыш рет өзінің кеңістік бекетіне енгенінің белгісі.

Осыдан кейін ғарышкерлер тобы жоспар бойынша тиісті қызметтерді атқарып, үш айлық орбитада тұру міндетін орындайды. Механикалық біліктілікті меңгеру, кабинадан шығу әрекеті сияқты қызметтерді атқарып, орбитада ғарышкерлер ұзақ уақыт тұрақтап тұру, қайта туындайтын тіршілікті қамтамасыз ету сияқты бір қатар шешуші техникалық қызмет сапасын орнықтырады.

17 маусым күні сағат 9 дан 22 минут өткенде «Шэньчжоу-12» нөмірлі адам алып ұшатын әлем кемесі Цзюцюань жасанды серік ұшыру орталығында кеңістікке көтеріліп, белгіленген орбитаға дәл кіріп, үш ғарышкерді ғарыш кеңістігіне сәтті шығарған еді. «Шэньчжоу-12» нөмірлі адам алып ұшатын әлем кемесі орбитаға кіргеннен кейін кіру күйіндегі жұмыс түрлерін сәтті орындап, 17 маусым күні Бейжиң уақытымен сағат 15 тен 54 минут өткенде дербес әрі тез түйілісу үлгісін қолданып Тяньхэ өзекті бөлмесінің алдыңғы аузымен түйісті. Осының алдында ұштасқан «Тяньчжоу-2» нөмірлі жүк тасымал әлем кемесімен бірге үш бөлме (кеме) құрамасын қалыптастырған болатын. Тұтас түйілісу барысы шамамен 6,5 сағат болды. Бұл − Тяньхэ өзекті бөлмесі ұшырылғаннан кейін адам алып ұшатын әлем кемесімен тұңғыш рет түйілісуі еді.  

(Редактор:Shixi,Deng Jie)

Фото