Алақай! Қытай панда орталығында екі панда қатарынан егіз туды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 20 шілде
Алақай! Қытай панда орталығында екі панда қатарынан егіз туды
Панда Жін Жін баласын бағып жатыр. Фотоны Қытай панданы қорғау және зерттеу орталығы берген

20 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай панданы қорғау және зерттеу орталығының (төменде қысқартылып панда орталығы деп айтылады) ең жаңа ақпараты бойынша,17 шілде күні Бейжің уақытымен 18-ден 44 минут өткенде және 19-дан 34 минут өткен аралықта панда орталығы Олуң қорығы Шыншу базасында екі панда қатар егіз тапты.

Шетелден оралған «Жін Жін» төлдеді

17 шілде күні Жін Жін Бейжің уақытымен 18-ден 44 минут өткенде бірінші баласын, 19-дан 15 минут өткенде екінші баласын өмірге әкелді. Екінші төлі еркек екен, ауырлығы 120,7 грамм.

Бізге белгілі мәліметке қарағанда Жін Жін 2007 жылы АҚШ-тың Сан-Диего хайуанаттар бағында туған. 2010 жылы панда орталығына жеткізілген. 2015 жылы егіз панданы дүниеге әкелген.

17 шілде күні Бейжің уақытымен 18-ден 52 минут өткенде бірінші төлін туды. Бала панданың денсаулығы жақсы, дауысы да айқын шығады. 19-дан 34 минут өткенде екінші баласын босанды. Екіншісі ұрғашы екен, салмағы 165,9 грамм.

Белгілі болғанындай Су Шан 2011 жылы тамызда туған. Әке-шешесі жабайы пандалар болған екен. Ол 2016 жылы бір бала панданы өмірге әкелген.

Екі жұп егіз пандалардың үлкенін енелері асырайды. Олар туралы нақты ақпараттар әлі де белгісіз. Екінші балаларын жасанды жолмен бағып-қағады. Жін Жін мен Су Шанды сары құрсақты ана деуге болады. Тәжірибелері мол. Төлдеу барысы сәтті өткен. Қазір бала мен ана пандалардың денсаулықтары жақсы.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото