Ішкі Моңғұлдың Шилин-Гол өңірі «Экологиялық қойлар мекені» атағын алды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 21 шілде
Ішкі Моңғұлдың Шилин-Гол өңірі «Экологиялық қойлар мекені» атағын алды

21 шілде, онлайн «Халық Газеті» --19 шілдеде Қытай ет өнімдері бірлестігі бас болып ұйымдастырған 2021 жылғы Экологиялық қой өндірісі мәжілісі Ішкі Моңғұлдың Шилин-Хот қаласында өтті. Қытай ет өнімдері бірлестігі Шилин-Гол өңіріне «Экологиялық қойлар мекені» атағын берді.

Біраз жылдан бері Шилин-Гол қой еті ілгерінді-кейінді уақытта Мемлекеттік географиялық көрсеткіш куәлігі мен сауда белгісі куәлігін алды. Сонымен бірге 2017 жылы Қытайдағы жүз ірі ауылшаруашығы өнімдері аясындағы әлеуметтік марка болып бағаланды. Шилин-Гол жыл сайын ел іші және шетелді 150 мың тонна сапалы қой етімен қамтамасыз етеді. Еліміздің солтүстігіндегі басты жасыл мал шаруашылығы өнімі базасы саналады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото