Әуесқой фотографтар Юньнаньның Жиңдоңынан түсірген сары белді күн құсы

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 26 шілде
Әуесқой фотографтар Юньнаньның Жиңдоңынан түсірген сары белді күн құсы
Әуесқой фотографтар Юньнаньның Жиңдоңынан түсірген Сингапурдың мемлекеттік құсы

26 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Юньнаньның(Қытайдың оңтүстік батысындағы өлке)Жиңдоңынан әуесқой фотографтар бір топ фото түсірді. Бір сары белді күн құсы қанатын жарқ-жұрқ еткізіп, құлпыра ашылған алоэ гүлінің бұтағында ұшып жүр. Анда-санда гүлдің нәрін сорады. Сының бәрі осы аймақтың көркіне көрік қосып тұр.

Күн құсын «шығыстың колибриі» деп атайды. Ол үнемі жасыл алқапта, жапырақтар мен гүлдердің арасында ұшып жүреді. Гүлдің балын сорып күнелтеді. Қазірге дейін әлемде 14 түрлі күн құсы бар. Қытайда оның 6 түрі тіршілік етеді. Бұл жолғы фотодағы күн құсы Сингапурдың мемлекеттік құсы екен. Ол негізінен ұсақ жәндіктермен, гүлдің нәрімен коректеніп, тіршілік етеді. Кейде жеміс пен өсімдік ұрығын да азық етеді екен.

Біраз жылдан бері адамдардың жабайы хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау саналарының өсуіне байланысты, Жиңдоң ауданының табиғат аясы біршама жақсарды. Біртіндеп адам мен табиғаттың бірлесе жарасымды өмір сүре алатын ортасы қалыптасты. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото