Сычуаньның Аба облысының сахарасы гүлге оранып, өңір көркі адамды баурады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 26 шілде
Сычуаньның Аба облысының сахарасы гүлге оранып, өңір көркі  адамды баурады
Тұнық су, ашық аспан, тамаша табиғат жанды серпілтеді

26 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Шіліңгір шілде айы Сычуань-Тибет сахарасының ең әдемі маусымы. Сычуаньның өлкесі Аба Тибет және Цян автономиялы облысында алуан түрлі гүлдер жарыса шешек атты.

Аба обылысының табиғи байлығы мол. Гүлге толған жайлауы, экологиялық таза сазы, мұз тауы, көлдері бар. Осы әсем даланың көркін табын-табын сиыр, қоралы қой еселеп, қара мойын тырна, жүйрік бөкен сынды жануарлар мекендейді. Жаз маусымында сахараның ауа райы ашық, температурасы 0 ден жоғары 20℃ шамасында болады. Бұл жерден күндіз гүлдерді, ақша бұлттарды, күннің ұясынан көтерілгенін көруге болады. Ал кеште ашық аспандағы ай мен жұлдызды тамашалай аласыз.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото