Хайнань өлкесінің тазалығын қорғаған теңіз косметологтары (әрлегіштері)

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 28 шілде
Хайнань өлкесінің тазалығын қорғаған теңіз косметологтары (әрлегіштері)
Саня қаласы Ячжоу аумағындағы теңіз аясын тазартуға арналған толық автоматтандырылған тазалық қайығы.

28 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Саня қаласы Ячжоу аумағы теңіз аясын тазартудың жаңа аспабы — толық автоматтандырылған тазалық қайығын іске қосты. Қайыққа механикалық жинау түрі, жинау бөлімі, сақтау бөлімі, су бетіндегі қалқыма заттарды тез әрі өнімді жинай алатын қабілетке ие құрылғылар орналастырылған. Ғылыми-техникалық әдіс-тәсілдер теңіз санитариясына кең қолданыла бастады. Сонымен Хайнань механикалық тазартуды негізгі, адам күшімен тазартуды қосымша қолданатын теңіз санитариясы жүйесін қалыптастырды.

Белгілі болғанындай, Хайнань еліміздің барлық аймақтары бойынша алғаш рет теңіз санитариясын қолға алған өлке. Енді теңіз жағалауы мен теңізге жақын жердегі қоқыс заттарын күнделікті санитарлық тазалауға енгізуді жоспарлап отыр. Бұл Хайнанның экологиялық өркениетке сай аумағын құрудағы маңызды шара. Хайнань еркін сауда порты экологиялық мәдениет құрылысының дамуына дем береді. Бұл шараны Хайнань өлкесінің аудан, қалаларында қолға алып, одан әрі бүкіл өлке бойынша жалғастыруды мақсат етеді. Хайнань өз өңірінің жағдайына сәйкес келетін теңіз санитариясындағы тәжірибесін байыта түсуде.

Қазір Хайнань өлкесінің теңізге жақын аудан, қалалары бірінен кейін бірі теңіз санитариясы қызмет жобасын әзірлеуде. Бұлар Хайнанның теңіз санитариясы қызметіне негіз қалайды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото