- Барлық ақпарат
Сычуань өлкесі Литаң ауданындағы тұмен тұлпар шапқан Маоя сахарасы (5)
![]() |
Тұмен тұлпар шапқан Маоя сахарасы |
29 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- «Аспан қаласы» аталған Сычуань өлкесі(Қытайдың оңтұстік шығысындағы өлке)Литаң ауданы Маоя сахарасы Ба И бәйге алаңында кереметтей бір ат жарысы болып өтті.
Бәйге алаңында бір тұлпарды басына қызыл шыт, мойнына қоңырау тағып, ер-тұрманын толық ерттеп әкеліпті. Ат үстінде өнер көрсету тобындағылар шетінен сақадай сайланып, ат жалында ойнайды. Олар аттың арқасына жату, бауырына кіру, жерден қада ілу, ат үстінде садақ тарту сынды ойын түрлерін көрсетті. Шебер шабандоз ат үстінде неше түрлі өнер көрсетіп, көрермендерді риза етті.
Белгілі болғанындай сол күні түстен кейін 3000 метр және 5000 метр қашықтық бойынша жай бәйге өткен. 10 000 метр Ганзи бәйгесі және 10 000 метр мемлекет тұқымындағы аттардың аралас қарқынды ат бәйгесі секілді жарыстар да тамашаланды.
people.cn © People's Daily Online