Чунцин қаласының Вулипо табиғи қорығы дүние жүзілік мұралар тізіміне енді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 2 тамыз
Чунцин қаласының Вулипо табиғи қорығы дүние жүзілік мұралар тізіміне енді

2 тамыз, онлайн «Халық Газеті» --28 шілденің кешінде Фучжоу қаласында өтіп жатқан 44-інші дүние жүзілік мұралар жиналысында, Чунцин қаласының Вулипо табиғи қорығы сарапшылардың талқысынан сәтті өтіп, дүние жүзілік мұра тізімінде ресми бекітілді.

Вулипо табиғи қорығы Вушан ауданының шығыс терістігінде, Чунцин қаласы мен Хубэй өлкесінің шекарасында орналасқан. Ең аласа жері теңіз деңгейінен 175 метр, ең үстірт жері теңіз деңгейінен 2680 метр биіктікте. Жалпы жер көлемі 35276.6 гектар. Көп бөлімі орманмен көмкерілген. Онда тіршілік ететін хайуанаттар мен жәндіктердің түрі де мол. Табиғи қорықта құрлықта жасайтын омыртқалы жабайы хайуанаттардың 447 түрі бар. Одан басқа көптеген ежелгі, реликті, эндемикалық, сирек кездесетін, жойылып бара жатқан өсімдіктердің түрі де молынан кездеседі. Оның ішінде 3001 түрлі тамырлы өсімдік, 2790 түрлі тұқымдық өсімдік, 211 түрлі папоротник өсімдігі бар.

Вулипо табиғи қорығын дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу жұмысы 2017 жылы басталған еді. Тізімге сәтті ену Чунцин қаласының Янзцы өзені экономикалық белдеуімен тығыз байланысып, экономикалық саланың залалсыз дамуына үлес қосып, Чунцинның экологиялық артықшылығын пайдалану арқылы экологиялық дамудың тиімді жолын таңдауда маңызға ие болмақ.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото